Экология департаменті басшысының орынбасары сотталды, - деп хабарлайды Антикор.
"Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімі бойынша, Қызылорда облысы экология департаменті басшысының орынбасары Б. Тілегенов қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Ол ЖШС басшыларына тиесілі 100 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденгені үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Тілегенов ЖШС басшыларын прокуратураның, мемлекеттік кірістер және экономикалық тергеу департаменттерінің лауазымды тұлғалары арқылы мәселені шешемін деп, ЖШС-ға қатысты экологиялық заңнаманы бұзу туралы істі тоқтату және мемлекеттік кірістер органдарының хабарламасын кері қайтару үшін пара беруге итермелеген. Үкім заңды күшіне енген жоқ.