$ 443.85  474.3  4.8

АҚШ Сенаты Ресейді «терроризмнің демеушісі» деп жариялауға шақырды

АҚШ Ресейді терроризмді демеуші елдердің тізіміне қосуы мүмкін деген болжам Мәскеудің Украинадағы әрекетінен кейін айтыла бастаған еді.

АҚШ Сенаты Ресейді "терроризмнің демеушісі" деп тануға бағытталған қарарды қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Енді Сенат Мемлекеттік департаментті де осындай қадам жасауға үндеп отыр. Құжат Америка конгресінің сайтында жарияланды.

Қарарда Шешенстандағы, Грузиядағы, Сириядағы және Украинадағы оқиғалар бұл шешімді қабылдауға себеп болғаны жазылған.

Ресейді бұл тізімге енгізуді Киев ұсынған болатын.

Бұған дейін Қытайдың Сыртқы істер министрлігі "АҚШ билігі Ресейді терроризмді демеуші елдердің тізіміне енгізудің орнына Ресей мен Украина арасындағы бейбіт диалогтың орнатылуына атсалысуы керек"  деп мәлімдеген еді. Қытайлық ведомство АҚШ-ты Украинадағы жағдайды саяси жолмен реттеуге әкелетін бейбіт келіссөзді ілгерілету үшін қолайлы жағдай жасауға шақырды.

АҚШ Ресейді терроризмді демеуші елдердің тізіміне қосуы мүмкін деген болжам Мәскеудің Украинадағы әрекетінен кейін айтыла бастаған еді.

"21 шілдеде АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси: "Егер Блинкин ешқандай шара қабылдамаса, конгресс Ресейді лаңкестікті қолдайтын елдердің тізіміне енгіземін", - деді.

Терроризмді демейтін елдер тізіміне, Вашингтонның пікірінше, халықаралық лаңкестік актілеріне бірнеше рет қолдау көрсеткен мемлекеттер енгізіледі. Тізімге іліккен мемлекетке алапат шектеулер енгізіледі, оның экономикасына зор шығын келеді.

Қазіргі уақытта бұл тізімде Иран, Сирия, Куба және Солтүстік Корея тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары