Саясат 31.07.2022 сағат 15:01

Көкшетауда жүз шақты үйді су басты

Көмек сұраған тұрғындар үйге кірген судың тізеге жеткенін айтқан.
Көкшетауда жүз шақты үйді су басты
Фото: sputnik.kz

Көкшетауда нөсер салдарынан жүзге жуық тұрғын үйді су басты. Қазіргі уақытта қалада коммуналдық және құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.

Су жеке тұрғын үйлердің аулалар мен ішіне, сондай-ақ көп қабаттың үйдердің жертөлесіне де кірген.
Қатты нөсер 30 шілдеде кешкі сағат алтыдан кейін басталып, түнімен жауды.

Ресми мәліметке сәйкес, 20 шақты үйді су басқан. Алайда IKomek қызметіне 60-тан астам хабарлама келіп түсті.
Көмек сұраған тұрғындар үйге кірген судың тізеге жеткенін айтқан. Олардың айтуынша, үйдегі тұрмыстық техника мен жиһаз зардап шекті.

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар