Қытай Сыртқы істер министрлігі бірінші болып ядролық қару қолданбайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Қытай СІМ қарусыздану департаментінің басшысы Фу Цон Қытайдың ядролық қару қоры бойынша басқа мемлекеттермен бәсекеге түспейтінін және оны алғашқы болып қолданбайтынын айтты.
Сондай-ақ, ол Қытай өзінің ядролық қару қорын тек ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сақтайды деп сендірді.
Бұған дейін Қытай әскерінің Тайван маңында зымыранды сынақтан өткізуді жоспарлап отырғаны туралы ақпарат тараған болатын.