Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қысқа мерзімді еңбек демалысы аяқталды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қысқа мерзімді еңбек демалысы аяқталды. Бүгін Президент жұмыс кестесіне сәйкес премьер-министр Әлихан Смайыловты қабылдайды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Президенттің еңбек демалысына шыққаны туралы 2 тамызда белгілі болған еді.