$ 494.87  520.65  4.91

«Үкіметтің жайбасарлығы халықтың қалтасына кері әсер етуде» - депутат

Қант “дефицитке” айналды. Бағасы кей кездері 100-% көтеріліп кетті. Қырқүйекте осы мәселелер бойынша “қызу талқылау” болары анық!

Инфляция жөнінде

Әлемде геосаяси жағдайдың ушығуы жаһандық экономикалық тұрақсыздыққа әкелді.

Ондаған жылдар қалыптасқан логистикалық маршруттар бұзылып, “санкциялық соғыс” экономикалық қарым-қатынастарды күрт бәсеңдетіп жатыр.

Соның нәтижесінде әлемдік деңгейде экономикалық- сауда турбуленттілік басталды.
Түркияда инфляция деңгейі 80-% жетті.
Лира долларға шаққанда 44-% төмендеді.
АҚШ- та инфляция деңгейі 1981 жылғы максимумға жетіп, 9,1-% құрады.
Евроодақта инфляция деңгейі 8,9-% құрап отыр.
Ресейде 15-%.
Қазақстанда 15-% құраған.

Қазақстанда халық жаппай тұтынатын пияз, картоп, сәбіздің бағасы күрт өскен.
Қанттың мәселесі ерекше, 30- жыл ішінде “дефицит” деген ұғым қайтып келді.
Қант “дефицитке” айналды. Бағасы кей кездері 100-% көтеріліп кетті.

Үкіметтің жайбасарлығы халықтың қалтасына кері әсер етуде.
Халық, өзі “ шықпа жаным шықпа” деп отырғанда “бағалар шеруі” “жығылған үстіне жұдырық” болды.

Қырқүйекте осы мәселелер бойынша “қызу талқылау” болары анық!
Профильді министрліктер нақты, терең жауапқа дайын болуы тиіс.

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыровтың facebook парақшасынан

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары