$ 498.34  519.72  4.85

Ақмола облысында белгісіз зат жарылып, бір адам мерт болды

Тағы екеуі жарақаттанды.

Ақмола облысының Тайтөбе ауылында белгісіз зат жарылып, бір адам қаза тапты, екеуі жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін 14 тамызында Целиноград ауданы Тайтөбе ауылының жеке тұрғын үй аумағында әкелінген көмірді сұрыптау кезінде белгісіз заттың жарылуы орын алды. Нәтижесінде оқиға орнында 1981 жылы туған үйдің иесі қаза тапты, тілімделген жараларымен Нұр-Сұлтан қаласының №2 ауруханасына үй иесінің ағасы – 1977 жылы туған ер адам және ағасының 2018 жылы туған кәмелетке толмаған ұлы жатқызылды», - деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспаөз қызметі.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел тергеу шараларын жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары