Саясат 15.08.2022 сағат 18:00

Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылды

Сұлтановтың орнына Серік Жұманғарин министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды.
Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды.

Сұлтановтың орнына Серік Жұманғарин министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды.

«Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалсын», делінген Президент жарлығында.

Серік Жұманғарин  басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды.

 

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар