$ 443.85  474.3  4.8

«Шектен шығып кетті»: белгілі заңгер сарапшысымақ видеоблогерлер мен саясаткерсымақтарға қарсы соғыс бастады

Мен күшеніп алып, кейін қолын сілтей салатындар қатарынан емеспін. Ондай жалақорлардың заң бойынша жазасын берем деп шешім қабылдадым.

Сарапшысымақ видеоблогерлер мен саясаткерсымақтар шектен шығып болды.

Мені толғандыратын сұрақтар: әлемжелінің саяси тақырыптарға арналған қазақтілді контенті примитив күйден қашан, қайтіп арылады? Әлде біздің (қазақтілді орта) деңгейіміздің бары осы ма? Неге,  саяси деп аталатын ютубтағы видеолар тек “анау сатқынмен” басталып, “мынау сатқынмен” аяқталуы тиіс?

Ал соған айдың күні аманда “сатқын” атанғандар көнбістік таныта беруі керек? Заң бар ма, болса неге заңға жүгінбейді?

Ел алдында жүрген талай азаматтармен осы тақырыпта сөйлестім, жалаға қалған, күйінген, алғашында сотқа берем деп күшенген, кейін қойшы соны деп, өздерінің айтуынша қазақылыққа салып, қолдарын бір сілтеген. Арасында “Мына түрімізбен ел болмаймыз”- деп пессимизмге ұрынғандары да жетеді.

Соларға таңырқап жүрсем, өзімнің де оңып тұрғаным шамалы екен. Күні кеше ватсабыма “сен туралы бүй деп жатыр”-деген комментариймен, кезекті жалалы видео келді. 2019 жылдан бұндайдың талайын көрген басым алғашында назар аудармағаныммен, кейін ойға қалдым. Олармен айтыс-тартысқа түсу мен үшін тым қымбатқа түседі, себебі бос уақытым жоқ. Ал буллинг жасап үйренген олар сен 1 сөз айтсаң, саған қарсы 100 жала жаба салады және содан өлшеусіз ләззат алады.

Содан бүгін ол жалақорлардың заң бойынша жазасын берем деп шешім қабылдадым.

Мен күшеніп алып, кейін қолын сілтей салатындар қатарынан емеспін. Бастамаймын, бастасам міндетті түрде аяғына жеткіземін! Және барлық іс-әрекетімді осы желіге жүктеп отыратын боламын. Егер Сіз де буллинг/кибербуллингке ұшырасаңыз, әлде осы тақырып жалпы қызықтыратын болса, парақшамды қарап отырыңыз.
1-2 күнде бастаймын.

Заңгер Абзал Құспанның facebook парақшасынан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары