$ 498.34  519.72  4.85

«Келешегім үшін қорқамын»: Назарбаев университетіндегі зорлық туралы айтқан бойжеткен өзіне қысым көрсетіліп жатқанын хабарлады

Бүгін маған 8 адам қысым көрсетті. Достарыма сенім жоқ.

Назарбаев Университетінің студенті Адина Қадырова оқу орнындағы зорлық-зомбылық фактісі туралы айтқан видеосына қатысты жауап алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Алайда Қадыров полициядан арнайы шақыру хаты жіберілмесе, ештеңе айтпайтынын жеткізді.

"Мен ол жерге барғанда мені формасыз құқық қорғау органының қызметкері қарсы алды. Бұл жерде процессуалды әрекет кезіндегі бір жайтты анықтап алу қажет, "бұл қандай әңгімелесу?" Әңгіме ме әлде жауап алу ма? Менде бас тарту құқығы болған соң оны пайдаландым. Бірақ олар "бұл жай ғана әңгімелесу" деп қарсылық білдіріп, қысым көрсете бастады", — деп жазды ол.

Қадыроваға қылмыстық істің куәгері ретінде шақыру қағазы жіберілді. Тергеуге қатысса да, жай-жапсарына қатысты ештеңе айтқан жоқ. Ол жауап алу 2,5 сағатқа созылғанан және қатты шаршағанын жеткізді. Тіпті кей сұрақтарды жүз қайтара қойылғанын айтты.

Сондай-ақ ол өз болашағы үшін қатты алаңдайтынын жеткізді.

"Мен келешегім үшін қорқамын. Бүгін маған 8 ер адам қысым көрсетті. Достарыма сенім жоқ. Енді ештеңе бұрынғыдай болмайтынын білемін. Бұл қаншалықты қажет еді? Мен бәрін құрбан еттім, тіпті университетімді де. Мен оны қалай жақсы көретінімді білмейсіздер. Ол өмірімнің мәні секілді еді", - деп жазды бойжеткен.

"Назарбаев Университетінде" зорланғаны туралы ашық айтқан ару бұған дейін феминист екенін хабарлаған еді. Сонымен қатар, ол биылғы жылдың наурыз айында зорлық-зомбылыққа қарсы студенттік акцияларға қатысқан.

Бұған дейін әлеуметтік желіде бойжеткен бейнеүндеу жасап, Назарбаев университетінің зорлық-зомбылық ордасына айналғанын айтқан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары