«Қазақтың қыздарына дау шешкізіп қойған — БІЗ оңбаймыз»,- деп намыстанып, кешірім сұраудың орнына, менің атымды айтуға қорқып сұқбат бергенше, өлмейсіз бе Бекболат аға?! Қазақтың қызынан қандай дау шешіпті деп сұраған — осындай нақ намыссыз еркек болады ау?!
Менің шешіп жүрген дауларымды мұнда ашық жазатын болсам, Сіздің тіпті шашыңыздың саны жетпей кетеді ғой!
Шынтуайтында, нағыз мұсылман өзінің жасаған игі істерін көрсетпейді! Бірақ... Сіз үшін біраз жұмыстарымды көрсетейін, Ел біледі, алайда сіз көрмей жүр екенсіз ғой!
Қаншама қысқарып, тіпті ізім-қайым жабылып кеткен қылмыстық істер — зорлық-зомбылық жайттарда әділдік үшін күресіп келемін! Ондай істер мен жеңдім деп мақтанып, көпке көрсететін істер емес! Тіпті осы мазмұндағы қаншама істердің шешілуіне себепкер болып жатсамда, сіз сияқты атойлатып мақтануды білмеппін!
Өздерін “мұсылман” сайлап алған кейбір қазақтың қыздарын пайдаланып, талақ айтып, ұрпағын асыраусыз қалдырмағанда — мен дау шешпей-ақ, өз кәсібіммен айналысып жүрер едім. Иә, Сіздер отыз жыл бойы басқарған мемлекетте бәрі дұрыс, бәрі керемет болса, қоғамдық жұмысқа араласып, дау шешіп нем бар?
Ұлттың санасы уланып, еркек кіндіктілер өз Отаны емес, Сирия үшін қару ұстаған соң, өз Ел мен жерімнің ертеңі — болашағы үшін күреске шықтым!
... Сіз мені не үшін ұнатпайсыз айтайын ба? Тіпті дәл қазір қолыңызға қару берсе, ойланбастан бірден ата салар едіңіз!
Себебі балағы қысқа, қара жамылғандар — таза Исламнан емес, олар адасқандар!
Ал сол Исламның атын жамылып, асыл дінімізге дақ түсіретін адасқардың шынайы бейнесін ашып көрсеткенім — сізге мүлдем ұнамайды! Елімде бәрі жетіп, халқың тоқ болса, маған десе бүкіл Қазақстанды мешітпен толтырып тастасын! Бірақ халқың үйсіз көшіп, ұрпағың мектеп жоқ деп білімсіз болып жатқанда — қайдағы мешіт? Расында, шын түсінген жанға әр адамның өз Отаны мен үйі — Ақ мешіт!
Осыны тұңғыш Президенттің қасында жүргенде, түсіндіріп айтуыңыз керек еді…
Артың мен арың таза болса, айдалада отырып алып «ақылды» боп сұқбат бермей, мықты болсаңыз — елге келіңіз! Екеуміз тікелей эфирде тілдесейік!
Ал әзірге менің қоғамға тигізген көмегім мен шешкен дауларымның тамашалай отыруға кеңес беремін!
Айтпақшы мен дәл СІЗ сияқты әсірелеп, боямалай алмайды екенмін. Атқарған істерімнің бұл — тек 20%-ы ғана, 80 %-ын «фейсбуктан» қырқып, көшіріп салуға уақыт керек! Әй бірақ әл. желіге жүктемей жасап жатқан істерім — Халыққа ғана аян! Бастысы — Халықтың қарғысын емес, алғысын арқалап жүргеніме қуанам!
Ал... Беке, шет елде Мойезді оқығанша, елге пайдасы тиіп жатқан менің парақшамды ашып оқып шығыңыз!
Заңгер Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан.