Түркия президенті Режеп Ердоған Зеленскийге Путинмен түрік аумағында кездесу өткізуді ұсынғанын мәлімдеді, - деп жазады «Известия».
Режеп Тайып Ердоған 22 тамыз күні министрлер кабинетінің отырысында Ресей мен Украина басшылары Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыруды мақсат тұтатынын айтты.
– Біздің мақсатымыз – жақын арада Путин мен Зеленскийді біздің жерімізде кездестіріп, дағдарыстан шығуға жол ашу, – деді Ердоған.
Ердоған келесі аптада Путинмен келіссөз жүргізетінін айтты. Мемлекет басшылары Запорожье АЭС-індегі жағдайды және Украина дағдарысын реттеу жолдарын талқылайды.