23.08.2022, 11:40

Ердоған: «Мақсатымыз – Путин мен Зеленскийді жақын арада елімізде кездестіру»

Фото: Orda.kz
Ердоған келесі аптада Путинмен келіссөз жүргізетінін айтты.

Түркия президенті Режеп Ердоған Зеленскийге Путинмен түрік аумағында кездесу өткізуді ұсынғанын мәлімдеді, - деп жазады «Известия».

Режеп Тайып Ердоған 22 тамыз күні министрлер кабинетінің отырысында Ресей мен Украина басшылары Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыруды мақсат тұтатынын айтты.

– Біздің мақсатымыз – жақын арада Путин мен Зеленскийді біздің жерімізде кездестіріп, дағдарыстан шығуға жол ашу, – деді Ердоған.

Ердоған келесі аптада Путинмен келіссөз жүргізетінін айтты. Мемлекет басшылары Запорожье АЭС-індегі жағдайды және Украина дағдарысын реттеу жолдарын талқылайды.

Тегтер: Ердоған