23.08.2022, 12:40

«Ринат бауырым өлімге қиды»: Бекболат Тілеухен Зайытовқа ренішін білдірді

Қанды қаңтар оқиғасын білді, біле тұра бізге айтпады деп сұмдық жала жапты.

Айтыскер ақын Ринат Зайытов қазақтілді сайттардың біріне сұхбат беру барысында экс-депутат Бекболат Тілеуханға қатысты пікір білдіріп, қанды қаңтар оқиғасы жайлы жақсы біле тұра, бір ауыз ескертпестен елден кетіп қалды деген еді. 

Бүгін Бекболат Тілеухан өзінің айтыскер бауырына ренжіп пост жазғаны белгілі болып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол өз сөзінде Ринаттың айтқан сөздерінің барлығы да жала екенін атап өткен

«Самал Ыбыраева мен Ринат Зайтовтың кешегі сұхбаты осы әңгімені айтуға мәжбүр етіп отыр. Қазақ «өкпеге қиса да, өлімге қимайды» деуші еді ағайынды. Ринат, бауырым өлімге қиды. Қанды қаңтар оқиғасын білді, біле тұра бізге айтпады, деп сұмдық жала жапты», - дейді Тілеухан мырза