$ 498.34  519.72  4.85

«Путин тағы бір қатігездік жасайды…». АҚШ барлау қызметі мәлімдеме жасады

Ертең, 24 тамыз – Украина тәуелсіздігі күні. Бұның алдында президент Владимир Зеленский мереке күндері Ресей “аса қатыгез әрекетке” баруы мүмкін екенін ескерткен.

АҚШ барлауы қызметінің мәліметінше, Ресей жақында Украинадағы мемлекеттік нысандар мен қоғамдық инфрақұрылымдарға шабуылдауды жоспарлаған.

Бұл туралы Reuters пен The New York Times америкалық шенеунік мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

АҚШ билігі көп адам естіп, қауіптен сақтансын деген мақсатпен барлау қызметінің мәліметін әдейі таратты.

Украина бүгін Мемлекеттік байрақ күнін атап өтіп жатыр.

Ертең, 24 тамыз – Украина тәуелсіздігі күні. Бұның алдында президент Владимир Зеленский мереке күндері Ресей “аса қатыгез әрекетке” баруы мүмкін екенін ескерткен.

Украина қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасы да украиндықтарға мереке күндері аса сақ болуға кеңес берді. “Елдің ішкі-сыртында зымыран соққылары және басқа да арандату әрекеттері болуы мүмкін”, — деп мәлімдеді барлау басқармасының өкілі Андрей Юсов.

Бұл аптада Киевте көп адам жиналатын шараларға тыйым салынды. Қала полициясы тұрғындарды 23-25 тамыз аралығында әуе дабылына бейжай қарамауға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары