Саясат 31.08.2022 сағат 14:20

Мемлекет басшысы Катардың Сыртқы істер министрін қабылдады

Кездесуде қазақ-қатар қарым-қатынастарын дамыту перспективалары талқыланды.
Мемлекет басшысы Катардың Сыртқы істер министрін қабылдады
Фото: akorda.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Таниды қабылдады деп хабарлады Ақорда.

Кездесуде қазақ-қатар қарым-қатынастарын дамыту перспективалары талқыланды. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, соның ішінде экономиканың негізгі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды қарастырып, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы қыркүйек айында Эр-Риядта өтетін Орталық Азия және Парсы шығанағы елдері сыртқы істер ведомстволары басшыларының диалог алаңының бірінші отырысын құптайтынын жеткізді.

Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тани Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қатар Әмірінің сәлемін жеткізіп, оның жуық арада Қазақстанға келетінін растады.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар