$ 494.87  520.65  4.91

Тіркелмеген төрт партияның өкілдері Тоқаевқа арызданды

"Біздің ортақ мақсатымыз – Жаңа Қазақстанның құрылысына үлес қосу" дейді Нұржан Әлтаев, Талғат Ерғалиев, Еркін Рақышев, Олжас Сүлейменов бастаған төртеуі.

«Ел тірегі», «Еңбек», «Ел мен жер» және «Қазақстан халық конгресі» партияларының жетекшілері жаңа партияларды тіркеуге және олардың қызмет етуіне барлық жағдай жасауға шақырды.

«Біздің ортақ мақсатымыз – Жаңа Қазақстанның құрылысына үлес қосу. Біздің ортақ міндетіміз – елдегі консервативті күштердің трансформация процесін тоқтатуына жол бермеу. Алайда, бүгінде біз реформалардың бәсеңдеуін, жаңа партияларды тіркеу үдерісінің барлық деңгейінде қатты тығырыққа тірелгенін көріп отырмыз» делінген үндеуде.

Көшбасшылар саяси партия ретінде тіркелу әрекеттерінің барлығы жұмылдырылған күш-жігерге қарамастан сәтсіз аяқталды деп ойлайды.

«Бүгін біз жаңа партиялардың тіркелуін қамтамасыз етуге, олардың қызметіне барлық жағдай жасауға шақырамыз. Бұл туралы ел Президенті саяси реформалар аясында ресми түрде мәлімдеген. Әйтпесе, әлеуметтік және геосаяси шиеленістің күшеюі аясында конструктивті күштердің орнын популистік және экстремистік күштер мен идеялар басады» деп есептейтіндерін Нұржан Әлтаев, Талғат Ерғалиев, Еркін Рақышев, Олжас Сүлейменов мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары