$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда каратэ жаттықтырушысы бес жастағы шәкіртін зорлаған

Ата-анасының айтуынша, бұл сұмдық жағдай соңғы 3-4 ай бойы жалғасып келген.

5 жастағы қыздың әпкесі жиенін каратэден беретін жаттықтырушысы зорлағанын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы "Не молчи" қоры өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Қызының соңғы кездері біртүрлі болып жүргенін байқаған анасы, мән-жайды білмек болып өзінен сұрайды. Сұмдық жағдайды білген ол қорға хабарласып, көмек сұраған. Анасының айтуынша, 19 жастағы каратэ жаттықтырушысы қызын бірнеше рет зорлаған.

Ол қызға бұл туралы ата-анасына айтпау керегін үйретіп, мұның өзара құпия екенін ескерткен. Кішкентай қыз жаттықтырушысының айтқанын бұлжытпай орындаған,- дейді Дина Смаилова.

Қыз бала каратэ үйірмесіне 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап баратын көрінеді. Ата-анасының айтуынша, бұл сұмдық жағдай соңғы 3-4 ай бойы жалғасып келген.

5 жастағы қызды зорлады деп айыпталып отырған жігіт 2021 жылдан бастап балаларды жаттықтырумен айналысады. Сондай-ақ, ол ашихара-каратэден әлем чемпионы. Балалардың сеніміне кіріп алған оны ата-аналар да, шәкірттері де жақсы көреді, - делінген жазбада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары