Алматыда ағаштарды қасақана өртеп жүрген диверсанттардың видеосы пайда болды. Әлеуметтік желіде жарияланған бұл видеодан белгісіз адамның жалынға оранып жатқан Көктөбенің баурайындағы ағаштарға от қойып жүргенін байқауға болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Алматыдағы өрт диверсия немесе қасақана қойылған болуы мүмкін. Бұл - елдегі өрттердің қастандық екеніне нақты дәлел!», дейді жазбамен бөліскендер.
Полицейлердің айтуынша, қазіргі уақытта видео түсірілген жер анықталған.
"Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтап жатыр. Қаладағы бейнебақылау жүйелерінің деректері тексерілетін болады. Осы әрекетті жасаған тұлға анықталып, жауапқа тартылады", - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті.