07.09.2022, 03:10

Министрліктер үйінің жанында бір адам өзін-өзі өртемек болды

Ол шығарылған сот үкімімен келіспеген.

Елордада орналасқан Министрліктер үйінің жанында ер адамның өзін-өзі өртемек болған әрекетін қалалық ПД-ның жедел басқару орталығындағы қызметкерлер бейнебақылау камералары арқылы байқап қалған. 

«Семейде шығарылған сот үкімімен келіспеген 37 жастағы ер адам өзін-өзі өртеп жібермек болған. Оқиға куәгерлері мен полицейлер қайғылы жағдайды болдырмады», – деп жазды Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram арнасы.

Оған медициналық көмек көрсетілді. Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.