Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Skifnews порталы.
Президент баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттер басшылары түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын стратегиялық серіктестік пен одақтастық пейілде талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібін қарастырды.