Бұқаралық ақпарат құралдарында Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевский елден кетіп қалғаны туралы ақпарат тарады.
ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Петр Врублевский таңертеңгі рейспен Варшаваға ұшып кеткен.
Еске салайық, Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевский қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұқбатында «Орыстарды барынша қырып-жою керек. Қазір біз мейлінше олардың көзін жойсақ, ертең біздің ұрпағымыз қан төкпейтін болады» деген болатын.
Кейін елшінің бұл сөзіне еліміздің Сыртқы істер министрлігі пікір білдірген еді. Артынша Петр Врублевский дөрекі сөздері үшін кешірім сұрап құтылған болатын.