Қазақстан халық партиясы (ҚХП) төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев «Baitassov Live» YouTube-арнасына берген сұхбатында егер өзі парламенттік сайлауда жеңіске жетсе, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма басшысы Мұхтар Жәкішевті премьер-министр лауазымына ұсынатынын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның айтуынша, елде еркін саяси бәсекелестік пайда болуы керек. Ал оның барлығына саяси партияларды тіркеу арқылы қол жеткізуге болады.