$ 494.87  520.65  4.91

«Үлкен топтағылар зорлайды, үстеріне ыстық су құйып, ұрады» - Айгүл Орынбек Шымкенттегі «Ана мен бала» оңалту орталығындағы сұмдық жайттың бетін ашты

Мына балаларға көрмегенді көрсетіп жатыр. Қорғайтын ешкім жоқ. Бізді қорғайтын қорғау фондының басшысы Жаннета Жазықбаева бәрін сатып алады.

Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Шымкенттегі «Ана мен бала» оңалту орталығындағы сұмдық жайттың бетін ашып тағы да мәселе көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Заңгердің айтуынша, аталмыш орталықта жатқан балалар зорлық-зомбылыққа ұшырап жатыр. Ең сорақысы,  мұндағы арсыздықтың барлығын тәрбиешілер біледі, бірақ білсе де білмегендей болады екен. 

Осылай деп атап өткен заңгер сөзіне дәлел ретінде аталмыш орталықта ем алушылардың бірінен келген хатын келтірген. 

«Балаларды қорғау жылында, балалардың құқығы тапталып жатқанын қалай түсінеміз?!

Құрметті БАҚ өкілдері!
Жекеме келген жан айқайға көңіл бөліңіздер!, деп атап өткен заңгер БАҚ өкілдеріне жіберетін фото, видео айғақтар бар екенін ескерткен. 

Енді сол хатқа (хаттың жазу стилі сақталды) кезек берейік: 

Мен Зарема Бақытжан Шымкенттенмін 19 жастамын. 2013 жылы ВИЧ инфекция диогнозы табылды .Сол уақыттан бері учётта тұрамын. Шымкентте «ана мен бала» орталығы бар. Осында барлық балдар бірге өскенбіз, ем қабылдаймыз. Бәріміз ВИЧ-пен ауырамыз және осы жерде бұрыннан келе жатқан И және С. деген деттомист қыз бен бала бар. И. 14 жаста бірақ С. 14 жаста. Мен бұрыннан танимын бұларды.

09.09.2022 жылы күні осы ана мен балаға ем қабылдауға жаттым. Жатқанымда осы екеуі С. мен И. бар екен. И қолдары көгерген. Беті тыртық-тыртық. «Не болды?» деп сұрағанымда өздері жатқан Леңгір көмекші интернатта барлық зорлық-зомбылықты айтып берді. Сол жердегі балдар зорлайтынын, ұратынын, ыстық суға түсіретінін, тәрбиешілердің мұны білсе де ештеңе істемейтінін, керісінше тәрбиешілерге жалоб айтып барса, тәрбиешілердің өздері ұрып, сол жерде жатқан старшый балдарға таяқ беріп тағы да стройкаға тұрғызып, «тәрбиеле!» деп айтатынын айтты. Аса қатігездікпен қорлайтынын айтты. Барлығы видеода айтылған.

Мен бұған шыдай алмай мамама жібердім видеоларды. Сосын осы больницадағы бұрыннан келе жатқан мамашаға жібердім. И-дің қолдары көгеріп түссе де бұл жердегі қабылдап алған врачтар ештеңе демеген. Мамаша осы жердегі врачқа звандап «баланың көгеріп түскеніне неге ештеңе демей қабылдағансындар?» деді. Сосын врач мені шақыртып алып, «кімге қандай фото жібердің?» деп тергеуге алды. Менің жүйкеме тиіп жылатты. Мен «баланы зорлағанын, қолдары көгерген көріп тұрып, ештеңе демедіңдер!» дедім. 

Сосын мамаларым келіп полиция шақыртты. Барлығы айтылды, зорлаған видеоларды көрсеттім. Балдармен де жеке сөйлесті, олар да айтты. Полиция шақырылған кезде біздің ВИЧ инф. қорғау президенті Жаннета Жазықбаева келді. Осы жердегі врачтар оған тез хабар беріп шақыртып алды. 

Ол интернатқа балдардың жағдайын біліп еш бармаған. Соңғы рет 3 жыл бұрын бардым деді. Полиция шақырылған кезде врач компьютерге баланың выпискасына көгеріп түсті деп қосып жазып жатты. Интернаттағы тәрбиешілері де медиктер де келді. Ешқандай шындарын айтқан жоқ

Менен жеке түсініктеме алып жатқанда қасымдағы полицияға менің көзімше звандады. Сырттан «тез-тез шықсай!» деп. Телефоннан естіліп тұрды. Сосын қасымдағы «полиция не болды?, сразу айнып кеттің ғой!» деді. Ал телефонның арғы жағынан «мына жақта бәрі звандап шығып кетті, қоя сал!» деп айтты. 

Сол жерден бастап полиция өзімізге қарсы шықты. Барлығы «екеуі де психический больницада учетта тұрады» деп айныды.

Апай, сол жерден іс жабылып қалды. Түнде екі баланы да ап кеткен полностю.

Біз медицинаның кесірінен ВИЧ инфекция жұқтырдық. Енді мына балдарға көрмегенді көрсетіп жатыр. Қорғайтын ешкім жоқ. Мен осы больницада барлық әділетсіздіктерді көріп өскен адаммын. Бізді қорғайтын қорғау фондының басшысы Жаннета Жазықбаева бәрін сатып алады. Сол істі жаптырды

Шымкентте әділдік жоқ. Бәрі бір-бірімен сыбайлас. Жоғарыдағылардың өздері звандап істі жаптыртады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары