Тағы да ОДКБ. Қазақстан қарсы шығуы керек!
Кешелі-бері Әзірбайжан мен Армения арасы қайта ушықты. Оқ атылды. Қақтығыстары әлі жалғасып жатыр. Қаза тапқандар саны аз емес. Екі тараптан да адам шығыны бар.
Осыған байланысты Армения премьері Никол Пашинян едел-жедел Қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізіпті. Оның алдында Пуртинге хабарласқан. Путиннен соң ілезде Блинкен мен Макроннан көмек сұраған.
Сөйтіп, Армения Қауіпсіздік кеңесі ақылдаса келіп, Ресейден, ОДКБ-дан көмек сұрайтынын мәлімдепті.
Мен Қазақстанның бұл дауға араласуына үзілді-кесілді қарсымын! Біз Әзірбайжанды жақтауымыз керек! Әділеттілігі сол! Қазақстан билігі егер Ресейдің көтензорлығымен Арменияға көмек беретін болса (ОДКБ шеңберінде) - бұл Қазақстан Ресейдің бодаулы боданы екенін біржола дәлелдейді!
Журналист Нұргелді Әбдіғанидың facebook парақшасынан