Өзбекстан ІІМ қызметкерлері қарақалпақ диаспорасының белсенділері Қошқарбай Төремұратов пен Жангелді Жақсымбетовты Алматыдан ұстаған.
Аталған белсенділерге қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретін материалдарды әзірлеу, тарату және көрсету бойынша айып тағылуда. Қазіргі таңда олар Алматыдағы ІІД уақытша қамау изоляторында.
“Бұл қамаулар шілде айында Қарақалпақстанда өткен көтеріліске байланысты орын алып жатқан белсенділерді қудалаудың жалғасы. Қазір Самарқанда Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті өтіп жатқанын пайдаланып, шетелде тұратын қоғам белсенділерінің көзін жоймақ”, – деді редакцияға хабарласқан белсенді.
Төремұратовтың жұбайы ұсталған азаматтарды жақын арада Өзбекстанға алып кетуі мүмкін екенін жеткізді.
Дереккөз: Ulysmedia.kz