$ 444.22  476.38  4.82

Зеленский жол апатына ұшырады

Тәртіп сақшылары жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Киевте  Украина президенті Владимир Зеленскийдің кортежі жол апатына ұшырады. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Сергей Никифоров мәлімдеді, - деп хабарлайды "Украинская правда" басылымы.

"Киевте жеңіл көлік Украина президенті отырған кортежбен соқтығысты. Мемлекет басшысымен бірге жүрген дәрігерлер көлік жүргізушісіне шұғыл көмек көрсетіп, оны жедел жәрдемге тапсырды. Ауыр жарақат алғандар жоқ. Президент те дәрігерге қаралды, қорқатындай жарақаттар жоқ. Тәртіп сақшылары жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр", - деп жазды Никифиров Facebook парақшасында.

Еске салайық, 14 қыркүйекте украиналық ақпарат құралдары Владимир Зеленскийдің Украинаның Харьков облысындағы Изийум қаласына келгенін хабарлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары