$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев: «Бәріміздің мақсатымыз – бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту»

Мемлекет басшысы съезде көптеген салмақты ой, салиқалы пікір айтылғанын атап өтті.

Бүгін елордадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезін қорытындылау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік деңгейдегі рухани көш басшыларға алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақ жері екі күннен бері түрлі мәдениеттердің сындарлы сұхбат орнына айналды. Дүниежүзіндегі беделді дін басылар бір шаңырақтың астында жиналды. Сіздер барша адамзаттың күш-жігерін ортақ мүддеге жұмылдыру үшін әлемнің әр түкпірінен келіп отырсыздар. Осының өзі дінаралық келісім мен ынтымақтастықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Шын мәнінде бәріміздің мақсатымыз бір. Бұл – өркениеттер үндестігін орнату және бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы съезде көптеген салмақты ой, салиқалы пікір айтылғанын атап өтті.

«Оның бәрі біздің үйлесімді әлем құру жолындағы іс-әрекетімізге оң ықпалын тигізеді деп санаймын. Мен алқалы жиынға арнайы келген әлемдік деңгейдегі рухани көш басшыларға зор алғыс айтамын. Сондай-ақ біздің бастамамызға қолдау көрсеткен саясаткерлер мен халықаралық ұйым өкілдеріне шынайы ризашылығымды білдіремін»,-деді Президент.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тоқаев #съезд