Саясат 16.09.2022 сағат 17:20

Қызметін асыра пайдаланып, істі болған Ниязов Маңғыстауда әкім креслосына жайғасты

Кейін шенеуніктің жазасы үйқамаққа ауыстырылғаны, мамыр айында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары жұмысқа шыққаны белгілі болды.
Қызметін асыра пайдаланып, істі болған Ниязов Маңғыстауда әкім креслосына жайғасты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының әкімі болып биыл істі болған Ғалымжан Ниязов тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

16 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев депутаттарға өз еркімен жұмыстан босатуға өтініш берген Тілек Көшмағамбетовтың орнына ұсынылған жаңа аудан  әкімнің кандидатурасын ұсынды. 

Әкім лауазымына кандидат Ғалымжан Ниязов болды, оның кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілді. 

Ғалымжан Ниязов  Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық политехникалық университетін "Полиграфиялық машиналар және автоматтандырылған кешендер" мамандығы бойынша, сондай-ақ Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін "Өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы" мамандығы бойынша бітірген. 

Бір қызығы, биылғы  ақпанда Ғалымжан Ниязов қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен қамауға алынған болатын.

"ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында өңір әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстады", - деп хабарлаған ведомство. 

Кейін шенеуніктің жазасы үйқамаққа ауыстырылғаны, мамыр айында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары жұмысқа шыққаны белгілі болды. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар