Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығыстың тезірек аяқталуын қалайтынын айтты. Бұл туралы ол Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.
Оған қоса, Путин Үндістан басшысына Украина билігінің келіссөздерден бас тартқанын және өз мақсаттарына әскери жолмен жетуді көздеп отырғанын атап көрсетті.
"Мен сіздің Украинадағы қақтығысқа қатысты ұстанымыңызды және алаңдаушылықтарыңызды білемін. Біз мұны мүмкіндігінше тезірек тоқтату үшін бар күшімізді саламыз", – деді Ресей президенті Үндістан премьер-министріне.
16 қыркүйекте Путин Самарқандта Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Жұма күні Ресей президентінің Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен және Әзірбайжан басшысы Ильхам Әлиевпен де кездесуі жоспарлаған.