$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысып жатыр

Сессия алдында Қазақстан Президенті Иордания Королі ІІ Абдалламен әңгімелесті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясының Жалпы дебатының ашылуына қатысты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясы пленарлық отырысының алдында Қазақстан Президенті Иордания Королі ІІ Абдалламен әңгімелесті.

Мемлекет басшысы сонымен қатар, Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөз өткізді.

Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамыту перспективаларын талқылады.

Қазақстан Президентінің 2021 жылғы қараша айында Брюссельге ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, энергетика және көлік-логистика салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері қозғалды.

Мемлекет басшысы Урсула фон дер Ляйенді Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы хабардар етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Урсула фон дер Ляйен стратегиялық серіктестікті одан әрі жан-жақты нығайтуға деген өзара қарым-қатынасты растады.

Еуропалық комиссияның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде іске асырылып жатқан ауқымды реформаларды жоғары бағалады.

Кездесу соңында Президент Урсула фон дер Ляйенді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары