Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаева жеті жылдан соң бостандыққа шықты. Анар Мешімбаева мемлекеттік қызметтен біржолата теріс бұрылған. Қазіргі таңда балаларды оңалту орталығында жұмыс жасайды.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Сұрауы бар" ютуб арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Анар Мешімбаева "Өмір сынақ" атты кітабында Қазақстанда халыққа не керегі туралы жазған. Мешімбаева халық әдемі уәделерден шаршады. Жылда бізде бәрі жақсы болады деген құрғақ сөз емес, атқарылатын іс маңызды дейді.
- Содан соң, балалардың жағдайын 18-ге келгеннен кейін емес, қазір жасауымыз керек деп, балаларлың шотына ақша аудару керектігін айтты. Балалар үшін балабақшалар мен мектептерді көбейтіп, олардың сапасын жақсарту керек.
Анар Мешімбаева өзінің ұсталуына қатысты, негізгі мақсат әу баста Кәрім Мәсімов болғанын айтты:
- Менің екі орынбасарымның басына қап кигізіп, премьер министрге куәлік бер деп айтқан. Мәсімов өзі президенттің көмекшісімін деп ылғи айтып жүрді. Өте жақын болған аралары. Соны аластату үшін, ақшаны Мешімбаеваға бердік, ол премьер министрге берді деп. Бірақ, біз ақша алынғанын қаржы полициясы айтқаннан кейін ғана білдік.
Мешімбаеваға сол кездегі орынбасарларының басқа қалада екенінен, хабардар екенін айтты.
"Қаңтар оқиғасы халыққа ойламайтын нәрсе берді. Қаңтар оқиғасы - саясат ойыны болып кетті. Халық демократия болсын деп, газдың бағасын өзгертеміз деп шықты. Содан, олар өздерінің ойынымен билікте кім болады, халықты кім басқарады деген оймен бәрі былықтырып жіберді. Соғыс сияқты болып кетті.
Қазіргі мамандығым - нейропсихолог. Көптеген мамандардан білім алдым. Дипломым бар. Көптеген курс бітірдім. Аутизм, депепсия, ерекше балалармен жұмыс жасаймын. Өзім балаларды қатты жақсы көремін, бала үшін бәрін істеймін. Сонымен қатар, баланы ғана емес ата-аналарын да үйретемін".