$ 498.34  519.72  4.85

ҰҚК шекарадан заңсыз өтуге тырысқан ресейліктерді қолға түсірді

Ұсталғандарға қатысты одан әрі жауап алу іс-шаралары жүргізілуде.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі заңсыз елге кірмек болған 3 ресей азаматын ұстады. 

Бұл туралы ақпарат ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми сайтында жарияланды. Дерекке сүйенсек, шекара бұзғандар өз әрекеттерін Ресейде жүргізіліп жатқан ішінара жұмылдырудан қашпақ болғанымен түсіндірген.

2022 жылғы 25 қыркүйекте Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты "Тобыл" бөлімшесінің шекара наряды жұмыс істеп тұрған өткізу пункттерін айналып өтіп шекара бұзбақшы болған Ресей Федерациясының үш азаматын ұстады, - +делінген ақпаратта.

Ұсталғандарға қатысты одан әрі жауап алу іс-шаралары жүргізілуде. Соның нәтижесінде аталған адамдар ресейлік тарапқа қайтарылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары