«Президент келе жатыр үйден шықпаңыз, әйнектен қарамаңыз!» деп тәтті ұйқымды Шымкент полиция қызметкері келіп бұзды!
«Менің әйнегім көшеге қарамайды, үйімнің артында үй тұр ғой, неге мазалайсыз?» десем «әйнегіңізді жабыңыз» деп дікеңдеп тұр!
Қайрат Дәлбеков мырза! Мен сізге террористпін бе, мені үй қамақта ұстайтын?!
Шымкентке келсең осы үйден шығармай, әйнектен қаратпай террорист сияқты қамауда ұстайды!
Әлде Шымкенттің былығын айтып қояды, Айгүлді үй қамақта ұстаңдар деген тапсырма берді ме Әйтенов?»
Ескі Қазақстанның жүйесімен, бұлай Жаңа Қазақстанды құра алмайсыңдар!
Заңгер Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан