$ 494.87  520.65  4.91

«Путиннің арналарына сеніп зомби болдық»: Ресейде тұратын қазақтар өкініп жатыр

Ертерек елге келуіміз керек еді. Украинаға аттанған ауылдастарымыздың балаларын темір табытпен әкеле бастағанда қандай пәлеге ұрынғанымызды түсіндік.

Омбыдан, Новосібірден қазақтар хабарласып жатыр. Бірінің баласына, бірінің бауырына повесткалар келіп жатыр екен. Қазақстанға келіңдер десем, "шекарадан өте алмаймыз" дейді. Повестка келіп тұрып, шекарадан өтпек болса он жылға түрмеге соттайды. Отанын сатқаны үшін. Күнәсін жуу үшін майдан даласына аттандырады. 

Повестка Федерациядағы аз ұлттарға ғана келіп жатқан сыңайлы. Орыстардың шекарадан емін-еркін өткеніне қарап, солай болжауға болады. 

"Ертерек елге келуіміз керек еді. Путиннің арналарына сеніп зомби болдық. Әлемдегі ең алып империяда тұрып жатырмыз. АҚШ-тың өзі бізбен иық тірестіре алмайды деп кеудеміз аяққаптай болып жүрді. Украинаға аттанған ауылдастарымыздың балаларын темір табытпен әкеле бастағанда қандай пәлеге ұрынғанымызды түсіндік. Павлодардағы бауырым көшіріп аламын деп қанша хабарласса да, мұрнымды шүйіріп едім. Енді барар жер, басар тауымыз қалмады. Сол бауырымнан нөміріңді алып хабарласып тұрмын. Көмектесіңізші. Екі ұлыма бірдей повестка келіп тұр" деп бір апа телефоннан зар жылады. 

Қорықпаңыз, бірдеңесі болар, жақында соғыс та біткелі жатыр деп апаны жұбатқаныммен ішім алай-дүлей болды. Шынымен не көмек көрсетуге болады?

Журналист Оңғар Қабденнің facebook парақшасынан     
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары