$ 494.87  520.65  4.91

Президенттіктен үміткер Дайрабаевтың балалары жемқор болып шықты

Жигули Дайрабаевтың ұлдары Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалық ақша жымқырды деген күдікке ілініп жатыр.
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты жемқорлық бойынша іс қозғалған. Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалық ақша жымқырды деп күдіктелуде. Іс материалдарының сотқа жолданғанын Жамбыл облыстық соты растап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«М.Дайрабаев, Е.Кулкеев, Е.Елибай және Д.Молдақалыққа қатысты ҚР ҚК 189-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы және 190-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс Тараз қаласының №2 сотына 19 қыркүйекте келіп түскен» , – деп хабарлады Ulysmedia.kz тілшісіне Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.

Ашық дереккөздерден Жигули Дайрабаевтың үш баласы бар екені белгілі. Олардың бірі Марат Дайрабаев Жамбыл облысында «MOLBAL» ЖШС басқарған. Тағы бір ұлы Дәурен Дайрабаев Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

Еске салсақ, 20 қарашада өтетін президенттік сайлауға Жигули Дайрабаев алғашқы кандидат болып тіркелді. Оны «Ауыл» саяси партиясының атынан ұсынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары