$ 494.87  520.65  4.91

«Amanat» партиясы президенттікке үміткер ретінде Тоқаевты ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін қолға алғалы тәуекелдер аз болған жоқ.

«Amanat» партиясының кезектен тыс ХХІV съезінде алдағы кезектен тыс президент сайлауына партия атынан кандидат ұсыну мәселесі қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Съезде «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынатынын мәлім етті.

«Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін қолға алғалы тәуекелдер аз болған жоқ. Пандемия, табиғи апаттар, алыс-жақындағы қақтығыстар халықты алаңдатты. Осы сындардың бәрін мемлекет басшысы халқымен бірге көрді. Қаңтар оқиғасы Қазақстан тарихындағы ең ауыр кезеңнің бірі болды. Мемлекеттің іргесін сөгіп, шаңырағын шайқалтуды көздеген теріс күштердің қасақана әрекеті еді. Сол кезде президентіміз бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алып, еліміздің болашағы үшін шұғыл әрі нақты шешімдерді қабылдады. Көк байрағымызды құлатпай, өз тұғырында сақтап қалды», - деді ол.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары