Алматы қалалық ҰҚК басқарма бастығының бұрынғы орынбасары Талғат Мұханов қамауға алынды. Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі. Бұл жөнінде Stan.kz.
"Қазіргі уақытта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствоаралық тергеу тобы ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша басқарма бастығының бұрынғы орынбасары Талғат Мұхановқа және басқа да тұлғаларға қатысты алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеп жатыр", - делінген жұма күнгі тараған ақпаратта.
5 қазаннан бері Талғат Мұханов сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынғаны атап өтілген. Басқарма басқа ақпаратты жария етпеді.