$ 494.87  520.65  4.91

Президенттіктен үміткер жетінші кандидат құжаттарын тапсырды

«Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен Жұматай Әлиев президенттікке кандидат болып ұсынылды.

Орталық сайлау комиссиясы «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен Жұматай Әлиевтің президенттікке кандидат болып ұсынылғаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кандидат өз оппоненттері секілді келесі құжаттарды ұсынған:
1 «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;

2. Ж. Әлиевтің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;
3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5. Жоғары білімі туралы дипломдарының көшірмелері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары