Орталық сайлау комиссиясы «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен Жұматай Әлиевтің президенттікке кандидат болып ұсынылғаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Кандидат өз оппоненттері секілді келесі құжаттарды ұсынған: 1 «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
2. Ж. Әлиевтің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші; 3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат; 4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 5. Жоғары білімі туралы дипломдарының көшірмелері.