$ 498.34  519.72  4.85

Тағы бір әйел президенттікке ұсынылды

Салтанат Тұрсынбекова ұзақ жылдар бойы азаматтық құқықтарды, әсіресе әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғап келеді.

Қазақстан президенттігіне тағы бір әйел адам өз кандидаттығын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орталы сайлау комиссиясының хабарлауынша, танымал құқық қорғаушы әрі қоғам белсендісі Салтанат Тұрсынбекова «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылды.

Салтанат Тұрсынбекова ұзақ жылдар бойы азаматтық құқықтарды, әсіресе әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғап келеді. Әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу саласында белсенділік танытты.

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Сонымен қатар ол «Отбасылық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының жетекшісі болды.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары