$ 444.22  476.38  4.82

Тоқаев президенттікке кандидат ретінде тіркелді

Президентті тіркеу үшін 120 мыңға жуық қол жиналуы керек. Тоқаевты қолдау үшін 400 мыңға жуық қол жиналған.

Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидутарусы ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Отырысқа Тоқаевты ұсынған саяси партиялар мен республикалық қоғамдық бірлестіктердің басшылары қатысты. Жиында Мәжіліс төрағасы, Аманат партиясының төрағасы Ерлан Қошанов, Ақ жол партиясының төрағасы Азат Перуашев, Қазақстан халқы партиясының өкілі мен Тоқаевты ұсынған басқа да республикалық бірлестіктердің өкілдері болды.

Президентті тіркеу үшін 120 мыңға жуық қол жиналуы керек. Тоқаевты қолдау үшін 400 мыңға жуық қол жиналған.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров барлық құжаттар заңды негізде жиналып, президенттікке үміткерді тіркеу үшін қажетті процедуралардың бәрі сақталғанын айтты. Осылайша, Тоқаевты үміткер ретінде тіркеу туралы қаулыға бір ауыздан дауыс берілді.

"Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде тіркеліп", - деді Нұрлан Әбдіров.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары