Жоғары сот кеңесі жемқорлық жасады деген күдікке ілінген судья Светлана Жолманованы қызметінен босату туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.
«6 қазанда Жоғарғы Сот жанындағы Сот алқасы Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы С.С.Жолмановаға қатысты тәртіптік істі қарады. Онда судьяның сот істері бойынша тараптардың өкілдерімен процессуалдық емес байланысқа жол беруімен байланысты, судьялық этикаға қайшы келетін, беделін түсіретін теріс қылық жасау фактісі бойынша – судья С.С.Жолмановаға қызметінен босату түріндегі тәртіптік жаза қолданылады. Шешім заңды күшіне енген жоқ, Жолманова С.С. Жоғарғы Сотқа шағымдануға құқығы бар», деп хабарлады Жоғары сот кеңесінің баспасөз қызметі. Естеріңізде болса, 2021 жылдың 29 сәуірінде Светлана Жолманованың кабинетінен 10 мың доллар табылған болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитеті арқылы тергеу басталып, судья ол ақшаның заңды және үйге жинаған қаражаты екенін айтқан болатын.