$ 494.87  520.65  4.91

Сенатор Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Күрішбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметін босату туралы өтініш берген.

Бүгін жоғары палатаның жалпы отырысында сенатор Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Депутаттар тиісті қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Күрішбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметін босату туралы өтініш берген. Бұл мәселе жалпы отырыстың қарауына шығарылды. Сенаторлар тиісті қаулыны қабылдады.

Журналистер экс-сенатордан қандай жұмысқа ауысқанын сұрады.

"Алдағы жылдары ауыл шаруашылығы саласы өте жақсы дамиды, үлкен серпіліс болады. Оны дамыту үшін бізге жаңа формациядағы ғалымдарды дайындау керек. Сосын жаңа технологиялар керек. Ол үшін елімізде заманауи халықаралық дәрежедегі ғылыми-зерттеу университетін құру қажет. Онсыз болмайды. Мен сол университетті құруға бара жатырмын", - деді Күрішбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары