$ 444.32  473.33  4.76

Иран президенті Астанада АҚШ билігін айыптай сөйледі

Ондаған жылдар бойы бірнеше елге «агрессия танытқанын, адам құқығын бұзып, Ауғанстандағы халықтың өз еркіндігін айқындауына кедергі келтіргенін» айтты.
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммитінде Иран президенті Эбрахим Раиси сөз сөйледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Иран президенті өз сөзінде АҚШ билігін айыптай сөйледі. Ондаған жылдар бойы бірнеше елге «агрессия танытқанын, адам құқығын бұзып, Ауғанстандағы халықтың өз еркіндігін айқындауына кедергі келтіргенін» айтты.

«Көптеген мәселе бойынша саяси диалогты қалпына келтіру үшін көп жұмыс істеп, екіжақты қатынастарды реттеу керек», - деді ол.

Эбрахим Раиси Иран халқы жылдар бойы қаншама сынмен бетпе-бет келгенін мәлім етті. Оның ішінде жылдар бойы санкцияға ұшырағанын да айтты.

«Иран билігі экономикалық терроризмді қатаң айыптап, оған қарсы күреседі. Бұл жағдай әрдайым серіктестікті талап етеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#АҚШ #Иран