Орталық сайлау комиссиясы Хайрулла Габжалилов, Талғат Ерғалиев және Фатима Бизақованы президенттікке үміткер ретінде тіркеуден бас тартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Хайрулла Ғабжалиловтың туған жері Қазақстан емес әрі мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі жеткіліксіз.
Талғат Ерғалиевте де мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибесі бір жарым жыл жетпейді.
Сол сияқты Фатима Бизақова мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі мүлдем болмаған.
Осы себепті аталмыш кандидаттар талапқа сай келмейді деп тіркеуге алынбаған.