$ 498.34  519.72  4.85

«Астана әлемдік аренада бейбітшілік алаңына айналды» – сарапшы

Оның басты қозғаушы күші ретінде осындай дипломатиялық келіссөздер жүргізуге ұйытқы болып отырған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Саясаттаншуы Қазбек Майгельдинов Астанада өтіп жатқан  «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті»  әлемде болып жатқан геосаяси жанжалдар мен қақтығыстар кезеңіндегі дипломатиялық келіссөз, екенін  айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Астана әлемдік саяси аренада бітімгерлік және келіссөздер жүргізетін дипломатиялық алаңға айналды. Оның басты қозғаушы күші ретінде осындай дипломатиялық келіссөздер жүргізуге ұйытқы болып отырған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент бұл жерде түрлі экстремизм, радикализмге және терроризмге қарсы сондай-ақ, дүрбелең замандағы елдер арасындағы қақтығыстарға байланысты  және БҰҰ бас Ассамблеясында да кез келген елдің мызғымас егемендігі, территориялық тұтастығы мәселесінде өзінің нақты позициясында айтқан болатын.  Мәселен, Рим папасы Францисктің Астана төріне келіп, бүкіл әлемдік және дәстүрлі діндер отырысында "Қазақстан қазіргі таңдағы татулық пен бейбітшіліктің аренасына айналды" деп баға беруі үлкен құрмет. Оған қоса алпауыт мемлекеттердің өзі Қазақстанның территориялық тұтастығы мен егемендігін  қолдайтынын баса айтты», - деді  Қазбек Майгельдинов.

Сарапшының айтуынша,  елордада өтіп жатқан саммит  Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға ықпалын тигізуі мүмкін.

«Қазіргі көршілес Ресей мен Украин арасындағы қақтығысы әлемді алаңдатып отыр. Осы тұрғыдан Путиннің Қазақстанға келуін осы соғысты тоқтатуға мүмкіндік ретінде қарастырсақ,  біздің қосқан үлесіміз болар еді. Бұл Қазақстан үшін абырой мен бедел алып келетіні хақ.  Сонымен қатар,  экология, азық-түлік қауіпсіздігі бойынша түрлі радикализм мен терроризмге қарсы осындай отырыстардың Қазақстанда өтуі, еліміздің халықаралық деңгейде бейбіт келіссөздер жүргізетін дипломатиялық  алаң ретінде өз орнын алғанын көрсетеді», - деді саясаттанушы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары