$ 498.34  519.72  4.85

Кремль: Путин мен Ердоған Астанадағы келіссөзде Украинаны талқылаған жоқ

Анкара келіссөзге түсініктеме берген жоқ.
Фото: kremlin.ru
Фото: kremlin.ru

Ресей президенті Владимир Путин мен оның түрік әріптесі Режеп Ердоған Астанадағы келіссөз барысында Украинадағы соғысты талқылаған жоқ, деп хабарлады Кремль.

Путинмен кездеспей тұрып Ердоған Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары саммитінде дипломатия "әділ әлемге" жол ашып, қантөгісті тоқтатуы мүмкін деп мәлімдеген.

"Ресей-Украина жағдайын реттеу талқыланған жоқ" деп РИА "Новости" сайты Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков сөзінен үзінді келтіреді.

Анкара келіссөзге түсініктеме берген жоқ.

НАТО мүшесі Түркия Украинадағы қақтығыс кезінде бейтарап ұстанымда қалды. Анкара Мәскеуге қарсы санкция салған Батыстың шектеу шараларына қосылған жоқ және Киевпен де, Мәскеумен де жақсы қарым-қатынаста.

Биыл наурызда Түркияда Мәскеу мен Киев арасында екі кезеңнен тұрған келіссөз өткен, алайда нәтижесіз аяқталған.

Украина президенті Владимир Зеленский 13 қазанда Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясына онлайн қатысып, Путинмен келіссөз жүргізу мүмкін емес деген ұстанымын растады. Оның айтуынша, халықаралық құқықты сыйламайтын басшымен келіссөз жүргізу мүмкін емес.

Ресей Украинаға басып кіргелі бері Түркия Мәскеумен өзге де келіссөздер жүргізуге көмектескен. Атап айтқанда, Анкара жазда Украинаның Қара теңіздегі порттарын босату туралы келісімнің қойылуына атсалысы. Сол арқылы Украинада қалған астық, азық-түлік әкетілген.

Түркия сонымен бірге Ресей мен Украина арасында тұтқын алмасу кезінде де маңызды рөл атқарды. 21 қыркүйекте жарияланған келісім аясында 215 украин жауынгері ондаған ресейлік тұтқынға (арасында Путиннің құдасы Виктор Медведчук те бар) алмастырылды.

Азаттық радиосы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары