15.10.2022, 15:01

Сайлау: екінші кандидат ресми тіркелді

Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізген 12 үміткердің ішінен 7-еуі талаптарға сай болып шыққан болатын.

20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлауға Мейрам Зекешұлы кандидат ретінде тіркеу туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орталық сайлау комиссиясының қаулысында “Мейрам Қажыкенді Президенттікке кандидат ретінде тіркелсін” деген жолдар бар. 

“Сонымен қатар Мейрам Зекешұлы Қажыкенге Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың куәлігі берілсін.  

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін Мейрам Зекешұлы  Қажыкеннің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын”, деоінген құжатта. 

Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізген 12 үміткердің ішінен 7-еуі талаптарға сай болып шыққан болатын. Соның ішінде тек қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғана кандидатурасы ресми тіркелген еді.