Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы" 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 554 жарлыққа енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды.
Өзгерістерде "әлемде жаппай қырып-жою қаруларының көлемін ұлғайту, сондай-ақ жаңа физикалық қағидаттарға негізделген жаппай ықпал ету қаруларын жасау" Қазақстанға қауіп төндіруі мүмкін делінген.
Бұдан бөлек кибершабуылдардың мемлекеттің әскери ұйымының ақпараттық жүйелеріне, мемлекеттегі жағдайды тұрақсыздандыру, оның әскери және әскери-экономикалық әлеуетін төмендету мақсатында елдің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне әсеріне де жаңа құжатта басымдық беріледі.